ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН КЕЙІНЕН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУ ҮШІН ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙДЕГІ БАНКТЕРДЕ ҚАРАЖАТТАРДЫ ШАРТТАЛҒАН ОРНАЛАСТЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама аясында екінші деңгейдегі банктер арқылы кәсіпкерлік қызметті заңды тұлғаны құрусыз жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын әйелдер және жарғылық капиталында әйелдер қатысу үлесі 50% кем емес, әйел қызметкерлері саны қызметкерлерінің жалпы санынан 30% кем емес, әйел басқаратын заңды тұлғалар қаржыландырылады.

Мақсатты топ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес болып табылатын, Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін және Алматы қ. аумағында тіркелген және Қаржыландыру жобасын жүзеге асыратын кіші немесе орта кәсіпкерлік субъектісі.
Мақсатты міндеті қолданыстағы несиелерді қайта қаржыландыру, инвестициялық мақсаттар, айналым қаражатын толықтыру
Тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 14% көп емес
Қарыз сомасы 30 000 000 тг. дейін
Қарыз валютасы теңге
Несие мерзімі 36 айға дейін - айналым қаражатын толықтыру үшін
60 айға дейін - негізгі қаражатты сатып алу және жаңғырту үшін
Несие желісі бойынша қаражатты игеру игеруін шартты жасағаннан кейін 2 айдың ішінде бастау

БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛМЕЙДІ:

Қарыздарды Қарыз алушыларға келесі мақсаттарға беруіне тыйым салынады:

  1. Қор көзі болып табылатын қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға қарыздарды беру;
  2. салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер бойынша 10 АЕК жоғары берешек бар болған жағдайда КОКС-ін қаржыландыру;
  3. Бағдарлама қаражаттары есебінен түрлі банктерде, қаржылық ұйымдарда бір мезгілде Қарыздар алу;