«Бизнес Рост» өнімі

Бизнес Рост бағдарламасы бойынша несиелендіру шарттары

Мақсатты топ Заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерлер
Қарыз алушының жасы: қарыз мерзімі біткен сәтіне 60 жастан аспау
Қарыз алушыға қойылатын талаптар:
  • ағымдағы мерзімі өткен берешегінің жоқ болуы, бұл ретте 30 (соңғы күнін қоса алғанда) күнтізбелік күнге дейін үздіксіз (өтелген) мерзімін өткізіп алу фактісінің 4 (соңғысын қоса алғанда) мәртеге дейін бар болуына рұқсат етіледі, қаралатын кезең – соңғы 12 ай;
  • Бизнестің бар болуы: нақты - 12 айдан қысқа емес, заңды - 6 айдан қысқа емес;
  • БНБ есебі бойынша жағымсыз мәртебенің жоқ болуы;
  • Негізгі борышты және сыйақыны жабу үшін таза кірістің жеткіліктігі (таза кіріс > барлық міндеттемелер бойынша жарналар сомасынан); Оң меншікті капиталының бар болуы;
  • Айналым қаражатты толықтыруын қаржыландыру кезінде қарыз сомасы жылдық орташа түсімнің 30%-нан аспау керек.
Қарыз сомасы 35 000 000,0 теңгеге дейін
Валютасы: теңге
Қаржыландыру мақсаты:
  • айналым қаражатын толықтыру;
  • негізгі қаражатты сатып алу;
  • инвестициялық жобалар/құрылыс (ЖТҚ, көппәтерлік тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды қоспағанда), жылжымайтын мүлікті сатып алу, егер мұндай жылжымайтын мүлік бизнес-мақсаттарда пайдаланатын болса;
  • қарыздарды қайта қаржыландыру.
Несие мерзімі:
  1. айналым қаражатты толықтыру үшін – 36 айға дейін;
  2. несиелік өнімнің аясындағы өзге мақсаттар үшін – 36 айға дейін.
  3. инвестициялық мақсаттар үшін – 60 айға дейін.
Қолжетімділік мерзімі: НЖ жалпы сомасынан 70%-нан көп емес
Құжаттар тізімі
  • Тіркеу құжаттары
  • Қаржы құжаттары
  • Кепілзаттық қамтамасыз ету бойынша құжаттар